Происхождение Найман

Происхождение Найман

S5l-mgJsZ6o

 

Ата-баба тарихын білу – ұрпақ парызы Данышпан халқымыз «Жеті ғасыр тарихын білмеген ел жетім, жеті атасын білмеген ер жетім» деген. Осыған орай сонау XV ғасырдан қазіргі заманға дейін сақталып, кәрі тарихтан куә болып, ақиқат айғағындай туған өлкемізде ата-баба дерегін дәлелдейтін тау, өзен, көл, жансыз тарихи ескерткіштер, қоныс жұрттары табылғанын жария етеміз. Ата-бабамыз Найман тайпасына қосылатын Ергенекті тобындағы Бура (Бақанас) руынан. Шежіре дерегінде Бура (Бақанас) рулары Найман атамыздың Белгібай баласының Қаракөз (Ақбаршын) деген әйелінен туған Төлегеннен тарап, ұрпақтары қазіргі заманымызға дейін жалғасуда. Төлеген бабамыз батыр болып, өз алдына әскер басқарып, ХІІІ-ХІ V ғасырда әйгілі Жошы хан армиясы құрамында Дешті – Қыпшақ пен Хорезм мемлекетін жаулау жорығына қатысады. Сол жақта жанұясында Ұлан және Қарақожа деген ұлдар тәрбиелейді. Ұлан әкеге тартып батыр болып, әскер басқарып, ұрпағын Ауган жеріне қалдырған (шежіреден). Қарақожадан Қалыбек, Қарабек туады. Бұлар жанұясымен Дешті – Қыпшақ өлкесінде өмір сүреді. Қарабектен Сармантай, Сарман, Сары (Саржомарт) атты ұлдар. Бұлар заманында батыр болып, ел басқарып, Дешті-Қыпшақ жерінде Өзбек ханы Әбілхайырдың қарамағында болады. Осы арада «Бұл адамдардың өмірінің біздің аймаққа не қатысы бар?» — деген сұрақ туады. Олай болса кәрі тарих пен ата-баба шежіресіндегі деректі баяндайын.  Ұлттық сананы оятқан тәуелсіздіктің жолы қайсар рухты қаһармандыққа, ауыр сындар мен қатпар сырларға толы емеспе. Солардың алғашқысы атақты Керей мен Жәнібек сұлтандар дәуірі. Қазақ халқының ұлт болып ұюы үшін ғұмыр кешкен баһадүр осы бабаларымыздың киелі бейнесі қаншама ғасыр өтседе ұлт жадында, тарих бетінде ұмытылмауда. Керей мен Жәнібек хандар билікті ақыл парасат, халықтың тәжірибе, біліктілік пен білімділік таразысына салып, қазақ руларының басын біріктіріп, қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының атақ-абыройын айбарландырды, халықтың ар-намысы, құрыш қорғаны болды. Сұраққа жауап айтар болсақ аталған данағөй хандарымыздың ХV-ғасырдағы ұлы мақсатты жорықтарынан бастайын. Керей мен Жәнібек сұлтандар Өзібек ханы Әбілхайырдан өздеріне жақтас қазақ руларының басын біріктіріп, қазақ хандығын құру үшін Дешті-Қыпшақтан Жетісу мен ежелгі найман руларының ата қонысы Алтай, Тарбағатай, Наймантау (Шыңғыстау) аймағына көш бастайды (тарих дерегі). Осы ұлы мақсатты жорыққа Найманның Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл, Ергенекті рулары қатысады. Оған дәлел сұлтандар қос тіккен жұрттардың қазіргі заманымызда ұмытылмай сақталғаны. Олар, Керей сұлтан қос тіккен Тарбағатай мен Қалба жотасы тоғысқан маңдағы «Керей тауы» мен етегіндегі киелі Күмісті бұлақ.  Керей тауын Қараул шоқы деуге болады. Себебі бұл тау шоқысы Тарбағатай мен Қалба сілемінен созылып алға шығып, төбесінен маңайдағы 20-30 шақырымдағы жазықтағының бәрін көруге болатын Қараул шоқы. Және өздері жерінен қуған Дүрбір-ойраттар арасындағы шекарада тұр. Екіншіден Жәнібек сұлтан басқарған әскер қосы қонған жер «Жәнібек жұрты» атанып Наймантаудың (Шыңғыстаудың) сыртында әлі сақталғаны, сол маңдағы «Хан жолы» Керей мен Жәнібек жорығының ізіне берілген есім қазірде ел жадында ұмытылмай айтылуда. Осы «Жәнібек жұрты», «Хан жолы» аймағындағы ата-жүртын Дүрбір-ойраттан босату мақсатында сонау Дешті-Қыпшақ жерінен Жәнібек сұлтанға қол қосып келген Ергенекті тобына кіретін Сармантай, Сары, Сарман батырлар екен. Дүрбіт-ойраттармен ата-жұрт үшін болған соғыстардың бірінде Сарман батыр қаза табады. Зираты қазірде сақталған. Сарман батыр қос тіккен жер Бақанас өзені жағасында. Кейін бұл жер ел қонысы болып Бақанас ауылы атанды. Осы ауылда Сарман батыр жанұясында Бақы мен Бақанас атты ұлдары ер жетеді. Бұл екі ұлдың анасы атына көркі сай Алтыншаш болған. Бақанастың (Бура), Бақының (Көкжарлы) болып, екі есімді болуын олардың батыр ағалары Саржомарт шешімімен болған екен. Саржомарт өзі құрамына жататын Ергенекті тобында ежелгі тайпалар Бура мен Арыстан ұрпақтары болған, олардың басын біріктіріп ру атын әйгілеу мақсатымен туыстарын басшы сайлап, есімдеріне тайпа атын берген. Тарихи шежіре жазушылар Бура тайпасының қалыптасуын сан-саққа жүгіртеді. Орыс ғалымдары, Н.Аристов, тағы басқалары сонау VІ-ғасыпдан бұрын бұл тайпа Алтайдағы шағын өзен Бура жағасында өмір сүрген адамдардан қалыптасқан дейді. Ғалымдардың тағы бір тобы, Әлкей Марғұлан, тағы басқасы бар Бура тайпасы Х-ХІ-ғасырлардағы Қараханиттер мемлекетінен бөлініп Найман мемлекетіне қосылғандар дейді. Аталған ғалымдар болжамындағы тайпа ұрпақтары ел ішіне тарап, тайпа құрамы сақталмаған болар. Ал, қазіргі Бура руларының арғы атасы ХV-ғасырда Сарман батырдың жанұясында дүниеге келген Бақанас. Шежіре дерегі және тарихи куә ескерткіштер сақталған Наймантаудың (Шыңғыстаудың) сыртындағы ата-мекенді асыл-дерек деп баяндасақ біз Сарман ұлы Бақанас (Бураның) ұрпақтарымыз. Осы Бура атанған Бақанас бабамыз 90 жылдан аса өмір сүріп, есімін жалғастырған рулар қалыптастырады. Ол, рулар Бураның өз кіндігінен туған Арап, Алатау, Құлатау, Жарлыбет, Сырмақ, Сарғалдақ атты ұлдардан тарайды. Мысалы, Араптан – Шеге (Шетмұхамет) одан Алтай, Дүрбеуіл; Алатаудан – Алушы және оның ұрпақтары; Құлатаудан – Досық, Сырдақ, Сұрша және олардың ұрпақтары; Жарлыбеттен – ұрпақ жоқ; Сарғалдақтан – Мәмбетқұл, Үмбетқұл және олардың ұрпақтары; Сырмақтан – Жарасқұл, Құлтуды және олардың ұрпақтары;  Бура (Бақанастың) рулары қазақ хандығының шекара аймағында өмір сүргендіктен Дүрбіт – Ойрат руларымен үнесі жауласып жер мен суын қорғаған. Сол заманнан кәрі тарих куәсі болып қалған жансыз ескерткіштер Шыңғыстау Сыртында. Олар, «Бура» тауы «Сарғалдақ» ауылы, «Бақанас» ауылы, «Байқошқар» ауылы, «Қырық Ошақ», Бура, Байқошқар, Елшібек зираттары, «Орманбет (Орыс) батыр кесенесі», «Көп бейіт қорымы». Атақты «Ақтабан шұбырынды» қыйын-қыстау кезінде ру халқының басып біріктіріп ұйымдастырған батырлар Байқошқар, Елшібек, Орманбет (Орыс), Дүрбеуіл, Алтай, Жанкісі, Бекежан, Төлеке, Бүкі және Шүрек пен Қонақай билер. Тарихтан белгілі 1740 жылғы Кіші жүз ханы Әбілхайыр ұйымдастырған қазақтың 40 биі қолдарын қойған, Ресейге бодан боламыз деген құжат. Осы құжатқа Қонақай мен Шүрек билерде қолдарын қойыпты.  Бура ұрпақтары Жоңғарға қарсы соғысқа атақты көкжал Барақ батыр әскеріне қол қосқан. Көкжал Барақ батыр әскері Ертістің екі жағасындағы жерлерді, Өр Алтай аймағын Жоңғарлардан азат еткен.  Кейінгі Абылай хан дәуірінде ру халқы шекара шебін күзетіп отан қорғаны болды. Шүрек би мемлекет атынан елшілік қызметін атқарған, Қонақай би хан кеңесінің мүшесі болып, маңызды ұсыныстар жасап халық жағдайын жеңілдеткен. Ауылдың сыйлы адамдары, батырлары халықты береке-бірлікке ұйымдастырып, қамқорлық жасаған. Биылғы, 2011 жылдың тамыз айында Өскемен, Семей қалалары мен Жарма ауданында тұратын Байқошқар батырдың сегізінші ұрпақтары Құбайдолла Сейтқазин, Қыдырғазы Баймұратов, Болатқазы Тұрсынбеков тарихи өлке Шыңғыстаудың сыртында болып, ата-бабалар тарихынан куә болып сақталып тұрған жансыз ескерткіштерді, қоныс жұрттарын тауып қайтты. Олардың ендігі мақсаты ата-баба тарихын жас ұрпаққа таныстыру. «Алғашқы Қазақ хандығын орнатушы Керей мен Жәнібек сұлтандардың Ұлы істеріне үлес қосқан Сарман, Бура (Бақанас) бабаларымызды халықтың есіне салып, тарихынан куә болып тұрған жансыз ескерткіштерді қалпына келтірудегі мақсатымыз жастардың рұқын көтеріп, патриоттық сезімін ояту» — дейді олар. Осы арманды орындауға бабаларымыздың намысты ұрпақтары бірігеді деген үміттеміз. Қаржы мәселесін шешу үшін ынталы азамат Қыдырғазы Баймұратов арнаулы хор ашып жарияламақ.  Осындай орынды шараларды жария етем.  Зейнеткер: Манаш Сыдыков  Семей қаласы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *